Главная Новости Жастар ұйымдары комитетінің есеп беру - сайлау конференциясы өтті
1 маусым 2022                  318909
Жастар ұйымдары комитетінің есеп беру - сайлау конференциясы өтті

31 мамырда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар ұйымдары комитетінің есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Конференцияға университет ректоры Г.А.Сарсенбекова , бөлім басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер қатысты.

 

Жиын барысында 2020-2022 оқу жылы аралығындағы Жастар ұйымдары комитетінің атқарған жұмыстары туралы комитет төрайымы – А.М.Тасымова баяндама жасады. Баяндамада айтылғандай, Жастар ұйымдары комитеті 2020-2022 оқу жылы аралығында  5 бағыт бойынша 200-ден астам іс-шара өткізген. Жаңа студенттік клубтар саны артып, республика көлемінде әртүрлі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған.

 

Басқосудың екінші бөлімінде Жастар ұйымдары комитетінің төрағалығына үміткер студенттердің  сайлауалды бағдарламалары тыңдалды.Үміткерлер қатарында Есенәлі Фатима, Дюсетай Меруерт, Пұшбақ Жанбота, Серіков Асылжан , Қалапберген Назым бақ сынады. Қатысушылардың бағдарламалары алдын ала бірнеше апта бұрын әлеуметтік желілерде жарияланып, дауыс берушілерге толығымен танысуға мүмкіндік берілген. Үміткерлер баяндамасынан соң комиссия мүшелері шешімдері ұсынылып, Kahoot платформасында жүргізілген сайлау нәтижесі экранда көрсетілді. Дауыс беру нәтижесі бойынша келесі үміткерлер көрсеткіші:

  1. Есенәлі Фатима 45 %
  2. Пұшбақ Жанбота 22,3 %
  3. Серіков Асылжан 19,1 %
  4. Дюсетай Меруерт 9,1  %
  5. Қалапберген Назым 4,3 %

Комиссия шүшелері мен дауыс берушілерлдің шешімі нәтижесінде, айқын басымдылықпен оза шыққан Электр энергетикасындағы ақпараттық технологиялар мамандығының 2 курс студенті Есенәлі Фатима  Жастар ұйымдары комитетінің төрайымы  болып сайланды.

 

Жиын соңында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.А.Сарсенбекова комитет белсенділеріне, қатысушыларға университеттің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, Жастар ұйымдары комитетінің жаңа құрамына сәттілік тіледі.