Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ-да Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті
15 маусым 2022                  318918
ҚазИТУ-да Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті

13 мамырда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай, " Қазақ елінің рәміздері -ұлт намысы!» атты дөңгелек үстел өтті.  Дербестігімізді айқындайтын  мемлекетіміздің басты нышандарын құрметтеу,  Отанға, ел тарихы мен дәстүрге деген шынайы сүйіспеншілікті өскелең ұрпақтың бойына дарыту мақсатында ұйымдастырылған шараға, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер мен магистранттар қатысты.

Іс-шара мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.Жиынның ашылу салтанатында  Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.А.Сарсенбекова оқу ордасының  ұжымы мен студенттерін  мерекемен құттықтай келе, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің  қоғамда азаматтық сана-сезімді қалыптастырудағы маңыздылығы туралы сөз қозғап, болашақта елдің татулығын ту етіп, абыройын асқақтататын бүгінгі жастар екенін атап өтті.

Жиында   Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Р.Қ.Қадыржанов , еліміздің мемлекеттік рәміздерінің тарихын , ел мен халық бірлігі және оның төл белгілерін, саяси тәуелсіздіктің мән-маңызын түсінуге, мемлекеттік рәміздеріміз - Әнұран, Ту, Елтаңбаны құрметтеуге, отанға деген сүйіспеншілікті  қастерлеуге шақырды.

Дөңгелек үстел барысында  ҚР рәміздері туралы фильм, танымдық слайдтар көрсетіліп, қонақтармен сұхбат жүргізілді.  

<p align="center"><img src="https://ais.kazetu.kz/documents/storage/16/1655377196_0.jpg" width="100%"></p>