Главная Новости ҚазИТУ – сұранысқа ие мамандық иесін дайындайтын білім ордасы
22 маусым 2022                  318877
ҚазИТУ – сұранысқа ие мамандық иесін дайындайтын білім ордасы

Ел аузында ҚазИТУ атанып кеткен Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті еліміздегі сұранысқа ие мамандық иесін дайындайтын білім ордасы.

ҚазИТУ бүгінде қарыштап даму үстінде. Үздіксіз ізденіс, сапалы білім саналы ұрпақ тәрбиелеуде өз жемісін беруде.

Іргетасы 2001 жылы қаланған ҚазИТУ о баста жоғары технологиялар, өңдеу, тамақ өнеркәсібі, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау, ІТ, экономика, ауылшаруашылығы және т.б. салаларында біліктілігі жоғары маман даярлау мақсатында құрылған болатын.

Бүгінде университетте азық-түлік тағамдары технологиясы, өңдеу өндірістерінің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы, технологиялық машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау және метрология, топырақтану және агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, туризм, әлеуметтік мәдени сервис және т.б. 20-ға жуық мамандық түрі оқытылады. Магистратураға түсіп, ғылымға бет бұрамын десеңіз де, ұтылмайсыз. Себебі айналасында 14 ғылыми-зерттеу институты орналасқан.

Заманауи салынған бес қабатты жатақханасы және колледжі бар. Колледжде, университетте білім алып қана қоймай, өмірде шыңдалып, заманға бейімделіп, кәсіп ашуға дайын, еліміздің орта және шағын бизнесін дамытуға үлесіңізді қосатын кәсіпкер болып шығасыз. Оның басты себебі алған біліміңді тәжірибемен ұштастыру. Мысалы, азық-түлік тағамдары технологиясын алайық. Теория жүзінде оқыған біліміңді тәжірибеде қолданасың. Тамақ пісіресің, коктеил істейсің, оның құрамымен, мөлшерімен танысасың, көзбен көріп, қолмен ұстап, шикізаттан бастап дайын өнімге дейін сапасына жауаптысың. Осылайша, теория мен практиканы ұштастырғанда ғана кез келген студент білікті маман болып шығары сөзсіз. Бұл тұрғыда ҚазИТУ еліміздегі көптеген жоғары оқу орындарының алдыңғы легінде деп айтуға толық негіз бар.

Шетелдік оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Халықаралық бағдарламалар арқылы білім алып, шетелден тағылымдамадан өту қарастырылған.

Университет мемлекеттік білім беру гранттары негізінде және ақылы оқуға, күндізгі, сырттай оқу түрлері және қашықтан оқыту технологияларымен қатар, екінші жоғары оқуға және магистратураға (мемлекеттік білім беру гранттары бар) қабылдайды. Ал колледж мемлекеттік білім беру гранттары бойынша және ақылы оқуға, күндізгі, сырттай бөлімдерге 9-шы және 11-ші сыныптан кейін қабылдайды. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы қолдауды қажет ететіндерге жеңілдік қарастырылғанын айта кеткен жөн.

Жас дос, егер, сен, «қайда барсам, қай мамандықты таңдасам» деп, ойланып жүрсең, ҚазИТУ-ға кел! Күтеміз! Колледж, бакалавриат, магистратура – бәрі сен үшін қызмет етеді!