Главная Новости Менің таңдауым - ҚазИТУ
23 маусым 2022                  318944
Менің таңдауым - ҚазИТУ

Мектеп бітіретін жас түлектің арманы – өзі қалаған мамандық иесі атанып, жоғары оқу орнының грантын иелену.

Мен Милана Антипенко сіздермен өз қуанышымды бөлісіп, ҚазИТУ ректорының грантын қалай жеңіп алғанымды айтқым келеді.

Мектеп бітірдім, 11-сыныпты жақсы аяқтадым. 10-сыныптан бастап жан-жақты ізденіп, өзімді дамытып, әртүрлі тренингтер мен курстарға қатыстым. Алдымда мамандық таңдауда қателеспесем деген мақсат тұрды.

Жоғары оқу орындарын салыстырып, ақпарат іздеп, сайтқа шолу жасадым. Кенет алдымнан ҚазИТУ, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті шықты. Университет туралы толық ақпарат берілген. Көкейдегі кез келген сауалыңызға сайттан бірден жауап табасыз. Ұсыныс та, құжатты тапсыру туралы нақты мәлімет те бар. Ұнағаны соншалық, бірден ҚазИТУ-ға тапсырамын деп шешім қабылдадым.

«Зерде» олимпиадасына қатысып, бағымды сынағым келді. Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді. Бірден іс-әрекетке көштім. Мақсатқа жету жолында  мен дұрыс қадам жасаған екенмін. Үш кезеңнен де өту қиын болғанымен, ҚазИТУ Ректорының грантын жеңіп алдым. Қуанышымда шек жоқ. Жас ұрпақты қолдау мақсатында арнайы грант бөлген университет басшысына, құрылтайшыларына айтар алғысым шексіз!

ҚазИТУ-ға арнайы барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстым. Табиғаты әсем көрікті жерде орналасқаны мені бірден баурап алды. Табалдырығын аттағаннан-ақ аурасы өзіне тартып тұратын университеттің кітапханасы өте бай, қаз-қатар тізілген көз тартар кітапты көргенде көз қуанады. Әсем де сұлу, заманауи жатақханасы қандай керемет! Кірсе шыққысыз бес қабатты жатақхананың әр қабаты заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өзіңді өз үйіңде жүргендей сезінеді екенсің.

Сіздер де ҚазИТУ-ды таңдаңыздар, жарқын болашаққа бірге қадам басайық!