Главная Новости 13 шілдеден бастап мемлекеттік білім гранттарын алуға құжаттар қабылдау басталады
12 шілде 2022                  318854
13 шілдеден бастап мемлекеттік білім гранттарын алуға құжаттар қабылдау басталады

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы,Әл-Фараби даңғылы 89/21. Қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдау кезеңінде демалыссыз сағат 09:00- ден бастап, сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қосымша сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясының байланыс телефонына хабарласуға болады.

Грантқа өтінім беру кезінде ҰБТ сертификаты болуы қажет. Қажетті құжаттардың толық тізімімен ҚазИТУ сайтында танысуға болады: https://kazetu.edu.kz/.

Білім беру гранттары ҰБТ сертификаттарының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.

Жоғары білімнің білім беру гранттары иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Айта кетейік, 5 шілдеде Ұлттық тестілеу орталығының сайтында білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде оқытудың үш сатысы: бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 2022-2023 жылдарға арналған кадрлар даярлауға арналған білім беру гранттарының тізімі жарияланды.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша конкурстан өтпеген талапкерлер шарт жасасып, оның негізінде ақылы білім ала алады.