Главная Новости ҚазИТУ-да Жастар ұйымдары комитетінің жиыны өтті
5 қыркүйек 2022                  318848
ҚазИТУ-да Жастар ұйымдары комитетінің жиыны өтті

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар ұйымдары комитетінің 2022-2023 жаңа оқу жылындағы алғашқы жиыны өтті. Кездесуге жастар саясаты департаментінің маманы А.Сабыржанова, жастар ұйымдары комитетінің президенті Ф.Есенәлі және жастар ұйымдары комитетінің әр бағыт бойынша жетекшілері Ж.Пұшбақ, А.Ердос, Б.Ертуғанов, Д.Салықжан, «Жас отан» жастар қанатының Бостандық ауданы бойынша төрайымы Т.Қабдоллева, университетіміздің волонтерлар лигасының мүшелері және белсенділер қатарына қосылғысы келетін 1- курс студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты студенттік өмірге алғаш қадам басқан 1-курс студенттеріне Жастар ұйымдары комитетінің жұмысын таныстыру, сол арқылы студенттерді университеттің қоғамдық жұмыстарына бейімдеу және студенттік жылдарды жастар ұйымдары комитетімен бірге қызықты өткізуге шақырып, қоғамда белсенді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау. Жастар ұйымдары комитеті мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып,студенттердің оқу-тәрбие, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысатын университеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Комитет құрамына студенттердің университет өміріндегі жан-жақты дамуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға және студенттерді әлеуметтік қолдауға арналған шығармашылық, ғылыми, спорттық, мәдени т.б клубтар және студенттік кеңес пен студенттік парламент кіреді.

Кездесу барысында 1-курс студенттері арасынан Студдом старосталары тағайындалып, Жастар ұйымдары комитетіне өнерлі жастарды қабылдау рәсімі өтті. Сонымен қатар , білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, клуб жұмыстарымен танысты. Биылғы оқу жылы , студенттер үшін естен кетпес қызықты естеліктерге толы болмақ!