Главная Новости ҚазИТУ-да эдвайзерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
9 қыркүйек 2022                  318921
ҚазИТУ-да эдвайзерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

8 қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде эдвайзерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға университет ректоры Г.А. Сәрсенбекова, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.

ҚазИТУ ректоры Г.Сәрсенбекова эдвайзерлер кеңесінің отырысын алғы сөзбен ашып, эдвайзер бұл-білім алушыларға оқу процесімен қатар тәрбие мәселелерінде көмек көрсетуге, студенттердің өз тобында рухани дамуына ықпал ететін ортаны қалыптастыруға тиіс педагог екенін атап өтіп, алдағы оқу жылындағы эдвайзерлерлік жұмыстың сәтті өтуіне табыс тіледі.

Жиын барысында академиялық мәселелер және өндірістік практика жөніндегі проректор Д.Ақпанбетов, оқу жылын ұйымдастыру мен білім алушыларға арналған академиялық талаптар жайлы баяндаса, ал стратегиялық даму және халықаралық байланыс жөніндегі проректор О.Каруна эдвайзерлердің студенттермен жұмысының қағидаттары мен мақсаттары, топта эдвайзерлік сағаттарды өткізу кезіндегі ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттер, оқытушы ретінде оқу-тәрбие материалын оңтайлы үйлестіру дағдылары жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ , Ақпараттық технологиялар департаменті директоры С.Шындалы Platonus, Ais Kazetu  платформаларын оңтайлы қолдану жөнінде шеберлік сағатын өткізді.

Қорытындылай келе, 2022-2023 жаңа оқу жылына арналған өзекті мәселелер талқыланып, эдвайзерлік сағаттарды өткізу кестесі мен тақырыптар кестесі әзірленді.