7 қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасы ұйымдастыруымен мемлекет президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» қатысты, «Жаңа әділетті Қазақстан» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Жиын модераторы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., ассоц. проф. Ж.А.Тукебаева болып, Жолдауға қатысты ф.ғ.д., профессор Ғ.К.Котошова «Концепция слышащего государства», тарих ғылымдарының магистрі А.Б. Нуртазаева «Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің маңызы» тақырыбында баяндама жасады.
Ф.ғ.д., профессор Г.Котошова тыңдаушы мемлекеттің тұжырымдамасы туралы айтып, азаматтардың сұраныстарына жедел және тиімді жауап беретін тұжырымдаманың маңыздылығын атап өтті. Тарих ғылымдарының магистрі А.Нуртазаева баяндамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» екенін, тұжырымдама әрбір Қазақстан азаматының қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырып, жас ұрпақтың өзіндік ой-пікірін қалыптастыруына үлкен септігін тигізері сөзсіз екенін жеткізді.
1 курс студенттерімен Жолдаудың өзектілігі және саяси-қоғамдық өзгерістердің маңыздылығы талқыланды.