Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
22 қыркүйек 2022                  318996
ҚазИТУ студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

22 қыркүйек күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Алматы қаласы прокуратурасы Бостандық ауданы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бөлімінің аға прокуроры Б.Б. Бірімқұл,  қаржыгер З.Салимбаев, Алматы қаласының әл-ауқат мекемесі "Іскер іс" әлеуметтік жобасының жетекшісі Б.К.Шералиева, "Freedom" компаниясының қаржы маманы Ү.Қ.Досниязова қатысуымен, «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында  студенттерге дәріс өткізілді.

 

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі, ол кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық тәртіп бұзушылықтың өсуін азайту және олардың алдын-алудың тиімділігін арттыру жолдарын іздеу болып табылады. Бұл мәселе жасөспірімдер арасында "қауіп-қатер тобындағы" жастардың көбеюіне байланысты.Олар өз өмірінің белгілі бір жағдайларына байланысты қоғам мен оның қылмыстық элементтерінің теріс сыртқы әсеріне көбірек ұшырайды. Іс-шараға қатысушы мамандар әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жайлы, студенттік өмірдегі орын алатын тәртіп бұзушылық туралы білім алушыларға толық ақпарат берді.Сонымен қатар, шараның модераторы «ӘГП» кафедрасының ассоц. профессор, Әділет басқармасының полковнигі А.Д. Каримова есірткінің жастарға нашар қауіп төндіретіні туралы сөз етті.