Главная Новости ҚазИТУ колледжінде Білім күніне арналған алғашқы сабақ өтті
02 сентябрь, 2017                  318709
ҚазИТУ колледжінде Білім күніне арналған алғашқы сабақ өтті

   Қазақстан – бейбітшілік пен ынтымақ, қайырым мен мейірім елі. Біз әлемдік қауымдастықтағы біртұтас ұлт негізін қалыптастырып отырған елміз. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолындағы елміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мыңжылдық тарихи мұралар негізінде жүзеге асырылады.



    Сабақ барысында әр студент «Патриот деген кім?» тақырыбында өз ойымен бөлісіп, еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді, осы тақырыпта жазылған эссе, өлеңдерін оқып, патриоттық әндер орындады.