Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының студенттері Д. В. Сокольский атындағы «Отын, катализ және электрохимия» институтына экскурсия жасады
6 қазан 2022                  319118
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының студенттері Д. В. Сокольский атындағы «Отын, катализ және электрохимия» институтына экскурсия жасады

2022 жылдың 6 қазанында "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығының 3 курс студенттері Д.В. Сокольский атындағы  «Отын катализі және электрохимия ғылыми-зерттеу институтының»  жұмысымен танысып қайтты. Болашақ мамандар материалдардың электрохимиясы және нанотехнологияларға , қолданбалы зерттеулерге, мұнай өңдеу катализаторлары және т. б. зертханаларға шолу жасап, тәжірибелік жұмыстарға қатысты.

Бұл институттың басым бағыттары, көмірсутекті және минералды ресурстарды терең өңдеу, коррозия, экология және қоршаған ортаны қорғау, жаңартылатын энергия көздері, технологиялық процестерін модельдеу және олардың негізінде Цифрлық егіздерді құру, білім беру қызметіне интеграциялау болып табылады.

Институтта зерттеу жұмыстары әлемдік тенденцияларды ескере отырып жүзеге асырылады және әлемдегі ірі ғылыми орталықтармен компаниялардың ұқсас бағытын әзірлеумен айналысады. Бүгінгі таңда институттың Ғылыми жетістіктері халықаралық деңгейде  де  жоғары бағаланып отыр. Алдағы уақытта аталған ғылыми-зерттеу институтынан студенттерді тәжірибеден өткізу келісілді.Сондай-ақ бірлескен жобалаларды жүзеге асыру жоспарланып, тың идеяларды бірлесе жетілдіру мақсат етіп қойылды.

Айта кетсек, Д. В. Сокольский атындағы «Отын, катализ және электрохимия институты» 1969 жылы 1 желтоқсанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 543 қаулысымен құрылды.