Главная Новости Дене шынықтыру пәнінен «Атлетикалық гимнастика» тақырыбында ашық сабақ өтті
21 қазан 2022                  319302
Дене шынықтыру пәнінен «Атлетикалық гимнастика» тақырыбында ашық сабақ өтті

2022 жылдың 29 қазанында "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Естемесов Арман Заманбекович "Атлетикалық гимнастика" тақырыбында "Дене шынықтыру" пәнінен ашық сабақ өткізді.

Оқытушы Арман Заманбекович сабақ барысында оқытудың белсенді әдістерін қолданды, студенттер оқу материалын игерумен қатар, белсенді практикалық жаттығулар жасады: оқытушының өзі ғана емес, білім алушылар да белсенді болды. Шағын топтарда жұмыс істеу студенттерге жаттығулармен еркін жұмыс істеуге және физикалық күш пен икемділікті дамытуға мүмкіндік берді.

Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, қауым. профессор Ж. А. Тукебаева, лектор А.Б. Нуртазаева, маман Б.А. Аширбеков қатысты.