Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында  «Ел тыныштығы – ел болашағының кепілі» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өтті
19 қазан 2022                  319132
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында  «Ел тыныштығы – ел болашағының кепілі» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өтті

2022 жылы 19 қазанда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде,  «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасының  оқытушысы, техника және технология ғылымдарының магистрі Ж.С.Сайдағали 19-қазан Құтқарушылар күні, 25-қазан Республика күніне орай  «Ел тыныштығы – ел болашағының кепілі» тақырыбында, Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі  білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен, интерактивті тақтаны тиімді пайдалана отырып, ашық эдвайзерлік сағат өткізді. Ашық эдвайзерлік сағат Қазақстан Республикасының қазіргі басқару жүйесі мен осы күнге дейін жеткен жетістіктері жайлы видеороликпен басталып, ҚР шикізат базасы, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жобасы, «Еркіндікке бастаған егемендік» атты өлең шумақтарымен жалғасты. Қазақстан Республикасының жоғары деңгейде дамып, одан әрі көркеюіне құтқарушы мамандардың қосатын үлесі зор екендігі айтылып, олардың негізгі заңнамасымен таныстырды. Айтылған мәліметтер бойынша студенттермен белсенді түрде сұрақ-жауап айдарын өткізді. Құтқарушылар туралы мысалдар келтіріп, «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі» мамандығының 2-курс студенттерінің жетістіктерін таныстырды. Құтқару  ісі, дәрігерге дейінгі көмек түрінің маңызын ситуациялық жағдай жасау арқылы, университет тарапынан алынған робот-тренажерға «жүрекке массаж» тәсілімен, адамды қалай аман алып қалуға болатындығын түсіндіріп көрсетті. Университет тарапынан, кафедра мұғалімдері мен студенттері атынан арнайы видео түсіріліп, құтқарушы мамандығында жұмыс істейтін студенттерге жіберілді. Олардың тарапынан алғыс айтылды. Эдвайзерлік ашық сағат «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! КазИТУ дами берсін!» ұранымен аяқталды.