Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғамның рөлі
7 қараша 2022                  319084
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғамның рөлі

 

2022 жылы 2 қарашада Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде "Әділдік жолы" РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры, Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл комитетінің мүшесі, "Қазақстан заңгерлер одағы" РҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы, Республикалық заң консультанттары алқасының Басқарма мүшесі Бауыржан Есенгелдіұлы Мақұлбаевтың қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл –  қоғамның рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Аталған іс-шараға университет басшылығы, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, "Заңгер" үйірмесінің мүшелері, студенттер мен магистанттар қатысты.

 

Жиынның ашылу салтанатында университеттегі Стратегиялық даму,ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор О.Л.Каруна сөз сөйлеп, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып табылатынын атап, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде теріс әсер , сонымен қатар мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді, мемлекетіміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор зиян келтіреді және Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде, мұндай көріністерге жан-жақты қарсы тұруға міндеттіміз, елдегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын қалыптастыру, нығайту және дамыту қажет екенін жеткізді.

 

Келесі кезекте Б.Е. Мақұлбаев "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық ұйымының қызметі туралы баяндап, ұйымның  мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға негізделгенін айтты. Аталған ұйымның Қазақстанның барлық облыстарындағы  филиалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында біршама жұмыстарды жүргізіп жатқанын бяндады.

Дәріс барысында  білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесімен ерекше танысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу сынды тармақтарды жіті меңгерді.

Жиынды қорытындылай келе, Б. Мақұлбаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлық көріністеріне бей-жай қарамауға шақырып, Қазақстанның әрбір тұрғыны, қатысқан әрбір студент осы қызметке өз үлесін қоса алады, мысалы, осы сайт арқылы www.adildik.kz сыбайлас жемқорлық турасындағы іс-қимылдарды анықтаған жағдайда, фото,видео есеп жіберіп, ұйымның шұғыл байланыс нөміріне хабарласа алатынын жеткізді.

Дәріскер білім алушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға толық ақпарат беріп, алдағы уақытта "Әділдік жолы" РҚБ өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізу туралы келісім жүргізді.