Главная Новости ҚазИТУ студенттері менеджмент жүйелерін сертификаттау тақырыбын терең меңгерді
10 қараша 2022                  319311
ҚазИТУ студенттері менеджмент жүйелерін сертификаттау тақырыбын терең меңгерді

2022 жылы 10 қарашада   « Технологиялық жабдықтар және стандарттау» кафедрасының профессоры  Абуова А.Б. , Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану білім беру бағдарламасының студенттерімен “Менеджмент жүйелерін сертификаттау»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында  стандарттау бойынша жұмыс атқаратын халықаралық ұйымдармен қатар олардың жанындағы комитеттер туралы тың ақпараттар берілді.Ұйымдардың негізгі мақсаты ,мүше елдермен ынтымақтастықты арттырудағы зияткерлік , ғылыми және техникалық біліктілікті алмасу қағидалары басты назарға алынды.Ұйымның бірнеше комитеттері таңдалып, олардың жұмыс істеу бағытын студенттер жеке жеке таныстырып, рөлдік ойындар ұйымдастырылды.Білім алушылар арасында өзара талқылау арқылы жалпы ISO халықаралық стандарты туралы және менеджмент жүйесінің сертификаттау туралы түсінік қалыптасты.