Главная Новости День театра в КазИТУ!
18 ноябрь 2022                  319076
День театра в КазИТУ!

 

26 қазанда Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ұжымы мен студенттері университет ректоры Г.Сәрсенбекованың бастамасымен  «Алатау» дәстүрлі өнер театрында, «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын тамашалады. Жастар арасында рухани-адамгершілік мәдениетті дамыту, танымдық деңгейді арттыру мақсатында ұйымдастылырған шараға оқытушылар мен студенттерден құралған 600-ден астам адам қатысты.

 

М.Әуезовтың «Айман – Шолпан» дастаны басқа лиро-эпостық жырларға қарағанда жаңа сюжетке құрылған жыр. Өйткені жырда халықтың тұрмысы базармен, қаламен, сауда-саттықпен байланыста жырланған. «Батыр» Маман байдың елін шауып, екі қызды жайдақ нарға мінгізіп алып кеткенде, Айманның сүйген жігіті Орынборға мал айдап кетеді «Көңілі кең, ақылы дана» Айман сіңлісі Шолпан екеуінің басына іс түскенде, аспай-саспай барлық қиыншылықты ақылмен, сабырмен жеңеді. Өзі сүйген жары Әлібекке қосылады. Шолпан мен Арыстанның тіл табысуына өзі дәнекер болып, Көтібарды ақыл мен айланың торына шырмап тастайды. Жырдағы күні өтіп бара жатқан ескі мен жаңаның арасындағы тартыс жаңашыл топтардың жеңісімен аяқталады. Басқа лиро-эпостық жырларда әйелдің сұлулығы көбірек сипатталса, бұнда әйелдің ақылы мен даналығын мадақтау басым. Адами қасиеттер мен құндылықтарды алға тартқан қойылымның жастарға айтары көп, ой салатын, идеясы терең, тәрбиелік мәні зор заманауи спекталь екенін актерлар құрамы көрермен жүрегіне терең жеткізді. Осындай құнды дүниені ұсынып отырған театр басшылығы мен ұжымына Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Сәрсенбекова ұжым атынан гүл шоқтарын ұсынып, «Алатау дәстүрлі өнер театрының «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын тамашалап,бойымызға рухани азық жинадық. Өскелең ұрпаққа дәстүрлі өнерімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді жоғарғы деңгейде насихаттайтын жаңаша бағыттағы қойылым болды. Актерлық құрамның кәсібилігі мен шеберлігі арқасында көрерменнің жүрегінен орын алды. Осы орайда "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Заитов пен қойылымның көркемдік жетекшісі Жұлдызбек Жұманбай мырзаға алғыс білдіремін. Бүгінгі ұлттық рухымыздың қайта жаңғыруы тұсында театр өнеріне жаңа өң берген қойылым болды», деп сөз сөйледі.

 

Қойылым соңында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері өнер көрсеткен актерлар құрамымен сұхбаттасып, естелікке суретке түсті. Театрдың керемет атмосферасы білімалушыларды шабыттандырды.