Главная Кафедры Экономики и бизнес Новости кафедры Научный проект «Мен жастарға сенемін!»
29 ноябрь, 2016                  318820
Научный проект «Мен жастарға сенемін!»
Студенты кафедры «Экономика и финансы» Абдіхалықова Жібек и Кундебаева Айман приняли учасие в научном проекте проводимый Казахским национальным университетом имени Аль-Фараби при поддержке фонда «Жандану әлемі»,молодежного крыла «Жас отан», Союза писателей РК и акимата г. Алматы «Мен жастарға сенемін!». По окончании научного проекта были награжены и получили именные сертфикаты.

Мен жастарға сенемін !

Қадам басар болашаққа сеніммен,
Жүйрік оймен озып шығар теңінен.
Білім алып, еңбек етер талмастан,
Жұлдыздары жанып тұрар көзінен.
Қазағымның жастары бәрі түгел серілер,
Ел намысын қорғайтын ,сескенбейтін бөрілер.
Қабанбай мен Бөгенбай,батырлардың жалғасы
Істеген әр ісінен ерліктері көрінер.
Арулары қазағымның ибалы,
Тәрбиелі,биік тұрар иманы.
Жібекпенен Күләштарды жалғайды
Өзі көркем,өзі әдемі,сырғалы.
Гүлдентетін қазағымның даласын
Нәрлендірер жастарымның санасын.
Нұр Ағама үлкен алғыс, мың тағзым,
Ертеңіме үлгі болар данасың.
Мен де аянбай еңбек етем қашан да,
Ел мұраты,ел мақсаты жолында.
Қазір,мейлі,жасөспірім болсам да,
Ел ертеңі жастарымның қолында.


Автор: Абдіхалықова Жібек