Главная Новости В КазИТУ прошло праздничное мероприятие посвященное Международному дню студентов
23 ноябрь 2022                  319022
В КазИТУ прошло праздничное мероприятие посвященное Международному дню студентов

17 қараша күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Халықаралық студенттер күніне арналған «Кешегі студент - бүгінгі жас маман» атты мерекелік кеш өтті. Бұл шараны студенттер үшін ұстаздары, оқытушы-профессорлар қауымы әзірледі. Мерекелік кештің ашылу салтанатында ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова жастарды Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, университеттің қоғамдық – мәдени өміріне белсенді араласып, жастар саясатына өзіндік үлесін қосып жүрген студенттерді марапаттады.

Студенттер күніне арналған концерттік бағдарламаның шымылдығын ҚазИТУ хоры атақты халықаралық студенттер гимні «Гаудеамуспен» ашып, одан әрі ұстаздар дайындаған мерекелік концерпен ұласты. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Овойнко Ричард қазақ тілінде «Ана» әнін орындаса, Технология,жабдық және стандарттау кафедрасының оқытушылары испан биімен көрерменнің ықыласына бөленді.Келесі кезекте Жаратылыстану – ғылыми пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Студенттік шақ» әнін орындап, өткен шаққа саяхат жасады. Кеште ұйымдастырушылар дайындаған тосын сый ұсынылды, экрандарда университет басшылыған бастап, оқытушыларға дейін осыдан бірнеше жылдар бұрынғы студенттік шақтағы фотосуреттері ұсынылып, ерекше сезімге бөледі. Шараны соңында университеттің кафедра меңгерушілері "Атамекен" әнін орындап, концерттік бағдарламаны аяқтады.