Главная Новости Ұстаздар күні аталып өтілді
3 октябрь, 2017                  318674
Ұстаздар күні аталып өтілді
Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінде ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұстаздар күніне арналған жиынға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттері қатысты. Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының студенттері мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін! Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!