Главная Новости Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті
12 желтоқсан 2022                  1273
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті

9 желтоқсанда  Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ғылыми кітапхана мен  «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен  “Рухани жаңғыру” жобасы аясында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік тұғырым” атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараның ашылу салтанатында  кітапхана меңгерушісі З.Садуақасқызы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтап, халқымызға ғасырлар бойғы арман болған бұл күн – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі екендігін айтты.

 Жиын барысында Тәуелсіздік туралы ақындардың өлеңдері оқылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке арнайы келген  студенттер “ Тәуелсіздік таңы” атты көрініс көрсетіп,  патриоттық әндер шырқады.

 

   Кеш соңын «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі Ж.Әубәкірқызы ызғарлы   желтоқсанда қыршыннан қиылған боздақтардың өмірбаяны жайлы бейнежазба кқрсетіп, тәуелсіздікке, еркіндікке  қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін студенттерге түсіндіре отырып, өскелең ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, тәуелсіздігімізді қастерлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге шақырды.