Главная Новости METU-да  «ТАЗА СЕССИЯ» акциясы басталды
19 желтоқсан 2022                  1340
METU-да  «ТАЗА СЕССИЯ» акциясы басталды

METU-да қысқы емтихандық сессия кездерінде ЖОО басшылығы, студенттік ректорат, Жастар ісі бойынша комитеті ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы «Таза сессия» акциясы өтуде.

Студенттер арасында құқықтық сананы және азаматтық ұстанымын, қалыптасуы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша науқанды жүзеге асыруымыздың мақсаты пара беру немесе пара алуды әшкере ету емес. «Таза сессияны» бастаушылардың көздегені – жастарға жемқорлық пен оның зардаптарын түсіндіру.

Акция барысында жемқорлыққа қарсы насихаттар жүргізілді. Сондай-ақ, университеттің барлық ғимараттарында ұсыныстар мен ескертпелер үшін «Сенім жәшіктері» орнатылған. Сонымен бірге, науқан аясында студенттер арасында білім беру, емтихан өткізу қызметтерінің сапасына қанағаттануын анықтайтын анкеталық сауалнама өткізілді.

  METU басшылығы студенттер мен магистранттарды жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күреске белсене атсалысуына шақырады. Кез келген студент «Таза сессия» науқанының өту барысын қадағалап, өз құқықтары шеңберінде сапалы білім алу әділеттілігіне қол жеткізуі шарт.