Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры METU University студенттерінің жобасы "Upgrade" инновациялық технологиялар көрмесінде үбірінші орын иеленді
13 желтоқсан 2022                  1470
METU University студенттерінің жобасы "Upgrade" инновациялық технологиялар көрмесінде үбірінші орын иеленді

10 желтоқсанда Алматы қаласы  Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «UpGrade» инновациялық идеялар көрмесі өткізілді. Аталған шараға қала бойынша 32 команда қатысып, озық инновациялық жобалар ұсынылды. Жасөспірімдер мен жастар арасында инновация тәжірибесін кеңінен насихаттау, сонымен қатар қаланың білім беру мекемелеріндегі инновацияның мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шарада робототехника, дизайн, компьютерлік графика және басқа да көптеген салалардағы жобалар жоғары бағаланды.

Қатысушылардың ішінен топ жарған  Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттерінің «Әртүрлі лауазымдардағы робот көмекшісі» жобасы үздік деп  танылып,  жүлделі бірінші орынды иеленді.  Жоба жетекшісі «Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы» кафедрасының оқытушысы Б.М.Сагитжанов, ұтыс иегерлері М.Алдабергенова, М.Булатова.