Главная Кафедры Биохимическая инженерия Новости кафедры Студент МИТУ стал серебряным призером Чемпионата Мира
4 январь 2023                  1075
Студент МИТУ стал серебряным призером Чемпионата Мира

10 желтоқсандаИспания мемлекетінің Барселона қаласында өткен Халықаралық Әлем чемпионатында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенті күміс жүлде иегері атанды. Жастар мен жасөспіріпдер арасындағы Әлемнің 35 елінен қатысқан сайыста, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенті Барлыбай Жібек Сombat джиу-джитсу спорт түрінен өткен сайыста 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, мықты спортшылармен жекпе-жекке түсіп, ұпай санымен басым түсіп, айқын жеңіске жетті. Қара белбеу иегері бұдан басқа Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып, спорттық мансабын биікке шарықтатып келе жатыр.