Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры «Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай қаупі мен туындауы кезіндегі алғашқы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өтті
16 ақпан 2023                  975
«Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай қаупі мен туындауы кезіндегі алғашқы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өтті

Бүгінде күнделікті БАҚ беттерінен әлем елдерінде орын алып жатқан жер сілкіністері, су тасқындары, қалалар мен кәсіпорындардың қирауы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы әсерінен табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғатын басқа да апаттар жайлы хабар таралуда. Осындай табиғи зілзалалар мен тілсіз апаттар көрініс алған жағдайда қауіптің алдын алу мақсатында қолданылатын алғашқы іс-қимыл шараларын білу адамзат өмірі үшін өте маңызды.

Осы орайда 16 ақпан күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде, «Биохимиялық инженерия» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы университет қызметкерлері мен 1-4 курс студенттері арасында «Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай қаупі мен туындауы кезіндегі алғашқы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай түрлеріне анықтама беріліп,  қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру, төтенше жағдай кезінде адамзаттың қауіпсіздігіне кері әсер ететін факторларды жою, адамзаттың қоршаған ортаға тигізетін залалын азайту үшін қажетті шараларды жедел орындау мақсатында туралы ақпарат берілді.