Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғамның рөлі
6 наурыз 2023                  1018
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғамның рөлі

2023 жылдың 2 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде "Әділдік жолы" РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры, Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл комитетінің мүшесі, "Қазақстан заңгерлер одағы" РҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы, Республикалық заң консультанттары алқасының Басқарма мүшесі Бауыржан Есенгелдіұлы Мақұлбаевтың қатысуымен "Жастардың таңдауы - Әділетті Қазақстан!" тақырыбында семинар өткізілді.

Жиында алғашқы сөз сөйлеген «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі Жаңыл Тукебаева , «Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселеге айналып отыр. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде бірнеше факторларға теріс әсер етеді, және Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде, мұндай көріністерге жан-жақты қарсы тұруға міндеттіміз, елдегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын қалыптастыру, нығайту және дамыту қажет, әр адамның және жалпы қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруды басты назарға алу керек» - деді.

Шара барысында Бауыржан Мақұлбаев қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық көріністерін ұсынып, анықтама берді. Қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға  бей-жай қарамауға шақырды. Мемлекетіміздің әр тұрғыны сыбайлас жемқорлық факторларын алдын алуға  өз үлесін қоса алады. Сыбайлас жемқорлық факторлары тіркелген жағдайда www.adildik.kz адресі бойынша ақпарат жіберіп арқылы немесе   1463 сall-орталығына хабарлай аласыздар.

Кездесу студенттердің  танымдық деңгейін арттырып,  құқықтық сауаттылығын арттырды. Қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, әділетті мемлекет құру тақырыбы қызу талқыланды.