Главная Новости "Miss Metu - 2023" Біріккен Араб Әмірлігіне жолдама алды
30 наурыз 2023                  1046
"Miss Metu - 2023" Біріккен Араб Әмірлігіне жолдама алды

10 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі аясында, Жастар саясаты департаменті департаментінің ұйымдастыруымен "Miss Metu - 2023" сұлулық байқауының көптен күткен финалдық кезеңі өтті. Байқаудың басты ерекшелігі қатысушы қыздар тек сұлулық жағынан ғана сынға түспеді. Сайысқа алғашқы іріктеу кезеңінен белсенді де, дарынды деп танылған сегіз ару іріктеліп алынды. Байқауға дайындық барысында қатысушы арулар үшін арнайы дефиле, сұлулық байқауларының жеңімпаздарымен кездесулер, фотосессия мен шеберлік сағаттары өткізілді.

 

Байқауда қыздарға өздерінің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге де мүмкіндік берілді. Үш кезеңнен тұратын сайыста арулар өз бақтарын сынап, әртүрлі қырларын танытты. Мысалы, бірі актерлік шеберлігімен танылса, бірі күміс көмей әнші, ендігісі мың бұралған биші екенін көрсетті. Ақтық сыңға жолдама алған үміткерлердің сөйлеу мәдениеті мен тіл байлығына да ерекше баға берілді. Сайыстың алғашқы кезеңі таныстыру сәті болды. Екінші кезеңде финалистер этно стильдегі киім үлгісінде сән көрсетіп, қазылар алқасының салт-дәстүрге қатысты қойған сұрақтарына жауап беріп, ұлттық дәстүріміз бен тарихымызды насихаттау мақсатындағы білімдерін шыңдады. Үшінші кезеңде арулар өз өнерлерін паш етті. Бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекше бояуы бар номерлер халықтың ыстық ықыласына ие болды. Отыз келі питон жыланымен үнді биін билеген ару Зарина Қанат барша көрерменді тәнті етті. Монологтар оқылып, көңілді мюзиклдар ұсынылды.

 

Аталған шараға арулар аса ұқыптылықпен үлкен жауапкершілік таныта отырып белсенді түрде дайындалғандықтары байқалды. Байқаудың үшінші кезеңінде арулар кешкі көйлектерімен дефиле көрсетті. Соңғы кезең аяқталған соң әділ қазылар алқасына шешім қабылдауға уақыт берілді. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының оқытушысы, Ричард Банджи қазақ тілінде «Аналар туралы» әнін орындап, кешті әсерлі ете түсті.

 

Қорытындылау кезеңінде әділ қазыларымыздың әділ шешімі нәтижесі бойынша "Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасының 1 кур студенті Нұрсәуле Бек, «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді. «Биохимиялық инженерия» кафедрасының 3 курс студенті Зарина Қанат «Вице мисс METU-2023» иегері атанды. “Miss METU-2023” байқауының жеңімпазы тәжіне «Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы» кафедрасының 1 курс студенті Маржан Булатова ие болды.

 

Байқау жеңімпазына Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті атынан Біріккен Араб Әмірлігіне жолдама табысталды. Сондай-ақ "Okostudio" студиясында арулар "Siberian Wellness"брендінің жарнамалық мұқабасына түсуге шақырту алды. Бұдан бөлек «Жанель» оқыту және сұлулық орталығы арнайы сертификаттар табыстады. Барша жеңімпаз аруларды құттықтаймыз!