Главная Кафедры Social and humanitarian disciplines and world languages Новости кафедры «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ТАЛДАУ»
29 march 2023                  909
«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ТАЛДАУ»

28 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі Жаңыл Тукебаева, «Экономика және бизнес» кафедрасының студенттеріне  «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ТАЛДАУ»» тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Сабақтың негізгі мақсаты студенттерге Қытайдың «Бір белдеу және бір жол» жобасының Қазақстан Республикасындағы рөлі және оның жаңа бағдарламалары мен жастарға арналған мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Дәріс барысында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Жаныл Тукебаева, Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы – аймақтық интеграцияны тереңдету, сауда-саттықты дамыту және экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында құрлық және теңіз жолдары арқылы Азияны Африка және Еуропамен байланыстыру бағдарламасы, сондай-ақ оның Қазақстандағы рөлі туралы сөз қозғады.

«Ұлы Жібек жолы» Қытайдан Қазақстан территориясы арқылы өтіп, Шығыс пен Батыс өркениетінің интеграциясына, адамзат өркениетіне қосқан үлесі зор, түрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың дамуына ықпал еткен бұл жоба білім алушылар арасында қызығушылық танытты. Сабақ соңында тақырыптық сұрақтар қойылып, қатысушылар пікірлерімен бөлісті.