Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры МETU University студенті "Ғылым және жастар: жаңа идеялар мен шешімдер" конференциясының сертификатымен марапатталды
24 наурыз 2023                  1128
МETU University студенті "Ғылым және жастар: жаңа идеялар мен шешімдер" конференциясының сертификатымен марапатталды

24 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Жаныл Тукебаеваның жетекшілігімен Қарағанды қаласында өткен "Ғылым және жастар: жаңа идеялар мен шешімдер" атты  IX Халықаралық студенттер мен магистранттар ғылыми-теориялық конференциясында 1 курс студенті Айнұр Алтай жүлделі орын иеленді.Орталық-Қазақстан академиясы ұйымдастырған жиынға бірнеше көршілес елдер қатысып, түрлі қызықты тақырыпта баяндама жасады.

Бүгінгі таңда жастардың ғылымға бет бұруы терроризм мен өзге бұрмалаушы қатерлердің артта қалуы немесе оларды шешу жолдарына, мемлекет саясатының жаңаруына, жастар саясатының өркендеуіне әкелетіні анық. Әлемнің жетекші экономикалары адам капиталының жоғары деңгейі есебінен өркендеуге қол жеткізуде, ал бұл жастардың ғылымға тартылуына және елдің ғылыми-технологиялық әлеуетіне тікелей байланысты.