Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры METU University- да Әлем чемпионы қонақта
4 апрель 2023                  1124
METU University- да Әлем чемпионы қонақта

28 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Талғатбек Түлегенұлымен кездесу өтті. Спортшы сұхбатын өзінін әлемдік додаларда жүлделі орын алып жүрген шәкірттерінен бастады. Салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықты нығайту үшін кемінде спорттың 33 түрімен айналысып, жаттығу жасау қажеттігін айтты.

“Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетілген. Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Кездесуде студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Спорт шебері Талғатбек Түлегенұлы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ұжымына алғысын білдіріп, атаулы шаралар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиеге нұсқайтындығын айтты. Жиын соңында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі Жаңыл Аубакирқызы, қонақты арнайы алғыс хатпен марапаттап, сыйлық табыстады.