Главная Новости Ректор Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында ұжым алдына нақты міндеттер қойды
5 сәуір 2023                  1119
Ректор Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында ұжым алдына нақты міндеттер қойды

4 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова, ректораттың кезекті мәжілісінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №248 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасымен қысқаша  таныстырып өтті.

Тұжырымдама 3 негізгі тараудан тұрады: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өмір бойы білім алу және ғылым.

Тұжырымдама жобасында 16 бағыт және 16 нысаналы индикатор, 120 іс-шара көзделген.

 

2029 жылға қарай саланы дамыту бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне қанағаттану деңгейін 78% - ға дейін ұлғайту мен шетелдік жоғары оқу орындары филиалдары санының 12 бірлікке дейін және оқытушылық қызметке тартылған шетелдік сарапшылар санының 1400 адамға өсуі, халықтың қызметтер спектріне және бейресми білім беру сапасына қанағаттану деңгейін 50% - ға ұлғайту, ғылымға жұмсалатын шығыстар үлесінің ішкі жалпы өнімнен 1% - ға дейін өсуі күтілетіні көрсетілген айтып өтті.

Тұжырымдама жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігіне, жеке сектордың инвестицияларының өсуіне және ұлттық және өңірлік деңгейлердің қолданбалы проблемаларын шешуге, жоғары білім инфрақұрылымы мен цифрлық архитектурасын озық кадрлармен қамтамасыз етуге, ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Университет ректоры тұжырымдама негізінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің  ұжымы  алдында  нақты тапсырма жүктеліп, міндеттер қойылып отырғанын атап өтті.