Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры «Креативті менеджер» командасы шетелдік студенттерден озды
29 наурыз 2023                  1078
«Креативті менеджер» командасы шетелдік студенттерден озды

17 наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде "Менеджмент" пәні бойынша өткен Халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттері қатысып, жүлделі орын иеленді.

Әлемнің бірнеше елдері, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Индонезия, Өзбекстан, Үндістан, мемлекеттерінен қатысқан 39 студент арасынан топ жарған үздіктер, "Үздік сөйлеу шеберлік", "Үздік бизнес идея", "Ең үздік бизнес идея", "Ең креативті команда" номинацияларымен марапатталды.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Креативті менеджер»  командасы, аға оқытушы Гүлнәр Шахманованың жетекшілігімен  III дәрежелі диплом иеленді.

«Экономина және бизнес» кафедрасының  "Креативті менеджер" командасы құрамындағы үздік студенттер Нұрай Дәулетхан, Аружан Әбдірахман, Аяулым Қойшыбай сарапшылар тарапынан жоғары баға көрсеткішін иеленіп, топ жарды.