Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры METU University студенттеріне Binance Academy (Beginner Track) курсының сертификаттары табысталды
5 сәуір 2023                  1062
METU University студенттеріне Binance Academy (Beginner Track) курсының сертификаттары табысталды

Қазақстан жоғары оқу орындарында мемлекеттік ауқымда білім беру бағдарламасын енгізетін әлемдегі бірінші ел болады. Блокчейн-технологиялары саласында білім алып, дағдыланған жас мамандар блокчейн индустриясының жаһандық қауымдастығы үшін ірі ресурсқа айналады. Бүгінде бұл – блокчейн индустриясындағы теңдесі жоқ ең ірі жаһандық білім берудің бастамасы екені анық.

Бұл ретте министр Саясат Нұрбек блокчейн инженериясы бойынша білім беру материалдарын ұсыну туралы меморандумға қол қоюдың маңыздылығы мен өзектілігін атап, «Экономикамыз үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында біз IT саласы өкілдерімен бірлесіп, осы бағытта білім беру жобаларын одан әрі дамыту үшін берік іргетас құрамыз. Біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында қазақстандық жоғары білім беру жүйесі ел экономикасының мұқтаждықтары үшін ғана емес, жаһандық еңбек нарығы үшін де блокчейн индустриясы саласындағы мамандарды даярлап шығаратынына сенімдімін, – деді.

Осы орайда Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті «Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы» кафедрасының профессоры Ақмарал Қуатбаеваның жетекшілігімен, "Information and communication technologies" пәні шеңберінде Маркетинг, Туризм, Стандарттау және сертификаттау, Есеп және аудит, Биотехнология, Автоматтандыру және басқару білім бағдарламалары студенттері қатарынан 124 білім алушы Binance Academy (Beginner Track) базалық курсы бойынша онлайн оқытудан өтіп, сертификат алды.