Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті алғашқы болып 100 білікті басшы даярлау курсын бастады
11 сәуір 2023                  970
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті алғашқы болып 100 білікті басшы даярлау курсын бастады

2023 жылғы 11 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) Ғылым қызметкерлері күніне орай Алматы қаласы мен Алматы облысының мектептері мен колледждерінің басшыларына арналған білім беру жүйесіндегі менеджментті арттыру бойынша біліктілікті арттыру курсының алғашқы легі басталды.
Бұл іс-шараны МИТУ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұғалімдердің даярлық деңгейін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдау және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізуде.
Өздеріңіз білетіндей ҚР оқу-ағарту министрлігі мен ғылым және жоғары білім министрлігі заманауи сапалы педагогтерді даярлау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес құрып, педагог кадрларды сапалы даярлаудың өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады. Осыған байланысты мықты басшыларды іріктеу мен даярлау бағдарламасы әзірленуде.
Мектеп және колледж басшыларына арналған «Менеджмент негіздері» біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы жетекші шетелдік университеттердің (University of California Irvine, USA; University of Queensland, Australia; University of Surrey, UK) материалдары негізінде әзірленген.
Курс аяқталғаннан кейін, қорытынды тестті сәтті тапсырған тыңдаушыларға Coursera сертификаты және арнайы әзірленген 4 фаст-бук (FastBook) алу мүмкіндігі беріледі.