Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Спорт және жаңа деңгей
17 наурыз 2023                  866
Спорт және жаңа деңгей

17 наурызда «Биохимиялық инженерия» кафедрасында, лектор, аға эдвайзер Б.Е.Тастемирова, Тіршілік қауіпсіздігі және табиғатты қорғау және Органикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне арналған «Спорт және жаңа деңгей»  тақырыбында эдвайзерлік ашық сағат өткізді.

Сабақтың мақсаты - елдің жарқын болашағы үшін өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарымыздан мықты ұрпақтар қалыптасады, мықты ұрпақ мықты елді қалыптастырады, еліміздің ертеңі жастар болғандықтан бұл тақырып бүгінгі таңда өзекті.

 

 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 3-курс студенттері Надирбек Әділет пен Қалабай Даниярдың әртүрлі «ашық біріншілікте» жеткен жетістіктері көрсетілді. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі. Ашық сабақта университет ұсынған заманауи көрнекілік материалдар мен бейне материалдар қолданылды. Эдвайзерлік ашық сабақты қорытындылау мақсатында сұрақ-жауап айдары өтіп, сөзжұмбақ шешіп, студенттер өз ойларын қағаз бетіне түсірді.