Главная Новости Университеттің жетекші ғалымдары "Технологияларды коммерцияландыру реакторына" қатысты
13 сәуір 2023                  705
Университеттің жетекші ғалымдары "Технологияларды коммерцияландыру реакторына" қатысты

2023 жылы 12 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ғалымдары "Ғылым қоры" АҚ ұйымдастырған технологияларды коммерцияландыру реакторына қатысты. Университет қызметкерлері коммерцияландыруға келесідей  әзірлемелерді ұсынды:

1.         "Отандық селекцияның бұршақ, майлы және дәнді дақылдарының ұнынан қоректік заттармен байытылған нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі";

2.         "Жүректің телемедициналық үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету үшін ICARDY ЭКГ патч өндірісін ұйымдастыру";

3.         "Әр түрлі деңгейдегі байланыс үшін Crypto code Call Tools технологиясын енгізу";

4.         "Жануарлардың қозғалысын қашықтан бақылау үшін GPS/GSM, GPS, VHF – трекерлерді әзірлеу және құру" – Зоология ғылыми-зерттеу институты мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетімен бірлескен жоба.