Главная Новости METU University жалпыұлттық патриоттық диктант жазу акциясына қатысты
4 мамыр 2023                  942
METU University жалпыұлттық патриоттық диктант жазу акциясына қатысты

Бүгін Халықаралық инженерлік-технологиялық университет студенттері де мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған жалпыұлттық патриоттық диктант жазу акциясына қатысты. Университеттің 5 факультетінен 36 эдвайзерлік топ, 700-ден астам студент қазақ және орыс тілдерінде «Еркін елдің ұрпағы» тақырыбында диктант жазып, осылайша ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңіру сынды дағдыларды қалыптастыра білді.

Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған шара жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өз халқының патриоты болатын азамат ретінде тәрбиелеуге зор септігін тигізді. Алдағы уақытта аталған шара үрдіске айналып, жалғасын табады деп сенеміз!