Главная Новости Колледж оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақ өткізді
19 октябрь, 2017                  318674
Колледж оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақ өткізді
   Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінде 2017 жылдың казан айының 19-шы жұлдызында, «Технология, жабдықтар және стандарттау» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Мыржиева Асем Бекболатовна оқу жоспарына сәйкес ашық сабақ өткізді.
   Сабақ 1218000- ППП тобымен «Штрих код» тақырыбында өткізілді. Сабақтың мақсаты: Жалпы штрих код туралы түсінік беру, студенттердің логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін және топпен жұмыс істеу, өз ойын тұжырымды етіп жеткізуін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
   Сабақ барысында стандарттар, кітаптар, жобалар қолданылып, тақырыпқа сәйкес есептер шығарылды. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде, сабақта әртүрлі ұлттық өлшем бірліктер туралы айтылып, қай салада қолданылғаны талқыланды.
   Сабақтың соңында қатысқан оқытушылар өз пікірлерін айтып, оң бағасын берді.