Главная Новости Халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды
10 мамыр 2023                  942
Халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды

2023 жылы 4 мамырда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде  Pennsylvania University, University of Virginia, The University of Illinois at Urbana Champaign, The State University of New York, ESSEC Business School, University of Michigan және т.б.  университеттер материалдарын негізінде дайындалған "No-Code Мобильді қосымшаларын әзірлеу" тақырыбында  өткен біліктілікті арттыру курсын қорытындылау рәсімі өтті.
Жиынға университет ректоры Г.Сәрсенбекова, академиялық мәселелер және өндірістік тәжірибе проректоры Д.Ақпанбетов, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры А.Женисова, кафедра меғгерушілері, эдвайзерлер және Dreamskills академиясынан М.Слямов, Е. Өмірзақов,  Д.Жолдыбек, студенттер мен магистранттар қатысты.
Аталған шараның ашылу салтанатында Г.Сәрсенбекова құттықтау сөз сөйлеп, «Студенттердің курс барысында алған теориялық және практикалық білімдері мен дағдылары болашақта білікті, сапалы маман иесі атануына мол септігін тигізері анық» - деді.  
Ректор курс нәтижесі бойынша жоғары көрсеткішпен сәтті аяқтаған  "Экономика және бизнес", "Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелердің инженериясы" кафедраларының студенттеріне халықаралық үлгідегі сертификат табыстады.
Жиын соңында курста жоғары нәтиже көрсеткен дарынды студенттерді Dreamskills академиясының жетекшілері өзара ынтымақтастығы бар ірі компанияларда  жұмыс істеуге шақырып, бірнеше жобаларымен таныстырды.
Бүгінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Dreamskills академиясы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті сапалы маман даярлауда бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.