Главная Новости Волейболдан «Ректор кубогы» сарапқа салынған жарыс өтті
14 октябрь, 2017                  320982
Волейболдан «Ректор кубогы» сарапқа салынған жарыс өтті
   Қазақстан инженерлік-теxнологиялық университетінде Жастар Ұйымдары Комитетінің спорт жөніндегі вице президенті Алмас Арсеннің жетекшілігіндегі "Sunshine" командасының ұйымдастыруымен волейболдан "Ректор кубогы" сарапқа салынды. Аталмыш жарысқа 1-4 курс студенттері арасынан 6 команда қатысты.Нәтижесінде барлығынан басым түсіп, керемет ойын өрнегін көрсеткен "Береке" командасы (кап. Тәсібек Береке) жеңіске жетіп,"Ректор кубогын" еншілесе, "ЭиФ"(кап Доскен Нұрсұлтан) және "Жігерлі жастар"(кап. Қалдыбек Бекзат) командалары 2-3 орындарға ие болды. Сонымен қатар өз шеберлігімен көзге түсіп, сауатты ойнай білген студенттер анықталып, волейболдан ҚазИТУ командасының құрамына алынды. Енді олар алдағы уақыттағы өтетін бәсекелерге дайындалатын болады. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі