Главная Новости ҚазИТУ студенттері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
14 октябрь, 2017                  321026
ҚазИТУ студенттері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
   14.10.2017 Қазақстан инженерлік- теxнологиялық университетінің студенттері Жастар Ұйымдары Комитетінің "Қамқор" клубының ұйытқы болуымен "№ 1 балалар үйінде" қонақта болды.Шараның басты мақсаты балалар үйі тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетіп,қуаныш сыйлау,отансүйгіштікке және патриотизмге тәрбиелеу №1 және №2 балалар үйінің қосылуына орай азИТУ- дың өнерлі жастары " Бір үйдің баласындай..." атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Нұргелдина Мадина, Сайлаубек Елнара, Аида Сулейменова көңілді әуендер орындап, ҚазИТУ колледжінің "Назкөркем" би тобы әсем билерімен қуантты. Балалар қосыла ән салып, би биледі. Қызықты ойындар ойнап түрлі сыйлықтар алған балалардың көңілдері көтеріңкі. Концерт соңы "Бір үйдің баласындай…" xорымен аяқталды. ҚазИТУ студенттері атынан балалар үйіне ЖҰК "Қамқор" клубының жетекшілері сыйлықтарын табыс етті. «Қайырымдылық - адам жанының нұры». Алдағы уақытта да осындай игілікті істер өз жалғасын табады.

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі