Главная Новости ҚазИТУда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтті
30 ноябрь, 2017                  318622
ҚазИТУда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтті
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің акт залында 2017 ж. 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып салтанатты жиын өтті. Жиынға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысты. Баяндама жасаған проректор Г. Сәрсенбекова: «1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын. Таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді», деп атап, маңыздылығына тоқталды. Жиын студенттер арнайы дайындаған әдеби-музыкалық қойылыммен жалғасты.