Главная Новости ҚазИТУ колледжінде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты концерт ұйымдастырылды
21 декабрь, 2017                  318627
ҚазИТУ колледжінде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты концерт ұйымдастырылды
   21.12.2017ж күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті колледжінде атқарушы директор М.Х.Шалабаеваның басшылығымен студенттер арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталмыш шараға колледж оқытушылары М.М.Чаяхметова, Ж.Жаксибаева, А.Мыржиева, Ж.К.Токанова, К.Жолшиева қатысты.
   Қуанышқа толы ең ғажайып мерекенің шымылдығы студенттердің әсем әнімен ашылды. Келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күткен студенттер мың бұрала билеген билерімен, гитарада ойнаған әндерімен көрерменді таң қалдырды. Іс-шара барысында әр түрлі ойындар ойнатылып, бірнеше турдан ерекше көзге түскен кештің Ханзадасы мен Ханшайымы анықталды. Олар 2 курс студенті Әбілпаттал Абылайхан мен 1 курс студенті Диқанбай Жарқынай. Өздерінің ұйымдастыру қабілеттерімен көзге түсіп, талапшыл, ойшыл, ізденімпаз екендіктерін көрсете білген колледж студенттері алғыс хатпен марапатталды.
   Кешті М.Х.Шалабаева қорытынды құттықтау сөзімен аяқтап, студенттерге шығармашылық табыстар тілеп, алғысын білдірді.