Главная Новости Елбасы Жолдауы аясында ҚазИТУда оқытушы семинары өтті
11 январь, 2018                  318600
Елбасы Жолдауы аясында ҚазИТУда оқытушы семинары өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын қолдап, қойылған 10 мақсат міндетті орындауға ұжым болып кірісті. 2018 ж. 11 қаңтарда университеттің барлық оқытушылары мен қызметкерлері қатысқан бір апталық оқытушы семинар жалғасын тапты. ҚР Президенті Н.Назарбаев Жолдауында ұлттың әлеуетін арттыру үшін білім, мәдениет, идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керектігін айта отырып: «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында», деп көрсетті. ҚазИТУда өткен кезекті семинарды проректор Г.Ә. Сәрсенбекова білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшуде атқарылып жатқан кешенді істер аумағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының кезекті Жолдауының орнына тоқталды. Әрбір студентке жетуді мақсат тұтқан кураторлық сағаттарда міндетті түрде көрсететін видеосюжеттік материалдармен таныстырды. Елбасы кезекті Жолдауында: «Адами капитал-жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы», деді. Әлеуметтік-гуманитарлық кафедра оқытушысы, доцент Р.Ш. Абдісүлейменова «Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытушы құзыретін арттыру» тақырыбында, Ректор кеңесшісі Т.М. Амреева «Білім берудегі инновациялық жобалар» тақырыбында семинарды жалғастырды. Семинар барысында сауалнамалар таратылып, пікірталастар ұйымдастырылды. Елбасы жолдауының тоғызыншы міндеті - «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі». Семинарда осы тақырыпта баяндама мен кураторлық сағаттарға арнайы дайындалған материалдармен әлеуметтік-гуманитарлық кафедра оқытушысы, доцент Қ.А. Тойбаева сөйледі. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы біртұтас ұлт болып рухани жаңғыруымызда жоғары оқу орындарында оқытушының рөлі, жаңа инновациялық бағдарламаларды меңгеріп, құзіреттілігін арттыру сапалы білімнің кепілі болатыны анық.