Главная Новости 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ҚазИТУ- дың ер- азаматтарының және Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті
09 март, 2018                  318724
8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ҚазИТУ- дың ер- азаматтарының және Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті
Қазақстан инженерлік-теxнологиялық университетінде күлімдеген көктемнің шуақты мерекесі 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ҚазИТУ- дың ер- азаматтарының және Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Оқу ордамыздың барша әйелдер қауымына арналған мерекелік кештің тізгінін 4 - курс студенті Мырзабек Мади ұстады.Университет ректоры физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы нәзік жанды ұстаздарыды,аяулы қыздарды төл мерекесімен құттықтап, кеш шымылдығын ашты. Одан әрі кеш ҚазИТУ-да тұңғыш рет ашылған вокал студиясының дайындаған әсем әндерімен жалғасты. Ұлықбек Болатбекұлы,Алибек Утемуратов,Алмас Каленов, Бекжан Смағұлов секілді өнерлі студенттерден құралған "ҚазИТУ жігіттері" квартеті "Ана" әнін шырқап, жүректерді тебірентті. Манарбек Жалимбетов дирижёрлік еткен,әр түрлі аспапта,жанды дауыста шырқалған xор көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Жүрек жарды тілектер мен әсем әнге,жақсы әсерге толы болған кеш жоғарғы деңгейде өтті.

Университетіміздің барша нәзік жанды ұстаздарын,аяулы қыздарын төл мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!