Главная Новости ҚазИТУ-да қонақта шоумен, тележүргізуші, актер- Марат Оралғазин!
29 март, 2018                  318767
ҚазИТУ-да қонақта шоумен, тележүргізуші, актер- Марат Оралғазин!
Қазақстан инженерлік – технологиялық университетінде белгілі шоумен, тележүрізуші, актер, телевизия саласындағы көрермен көзаймына айналған қызықты жобалардың авторы Марат Оралғазинмен кездесу болды. «ҚазИТУ жастарының айлығы» аясында ұйымдастырылған кездесуге оқытушылар мен студенттер қатысты. Еркін атмосферада өткен жиында Марат Оралғазин балалық шағы, студенттік өмірі, шоу-бизнес саласына қалай келгендігі туралы, жалпы шығармашылығы жайлы баяндап берді. Студенттер көгілдір экрандардан көретін қонағымыздың университетімізге келіп, әсерлі сұхбат бергендігі үшін өте қуанышты екендіктерін жеткізді. Марат Оралғазиннің шығармашылығына қызығатын сұрақ қоюшы студенттердің саны өте көп болды. Студенттердің тарапынан қойылған сұрақтарға бүкпесіз жауап беріп, осы уақытқа дейін жинаған тәжірибесімен, ақыл - кеңестерімен бөліскен құрметті қонағымыз жиналған көпшілікке керемет көңіл күй сыйлай білді. Марат Оралғазин студенттердің мамандықтың сырын терең игеріп, мақсатқа жету жолында талмай еңбек етіп, тек биіктерден көрінуіне өз тілектестігін білдірді.

Кездесу соңында тәрбие ісі жөніндегі проректор Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан уақыт тауып, жақсы кездесудің ұйытқысы болғаны үшін ризашылығын білдірді.

Бізде өз кезегімізде ҚазИТУ студенттері атынан Марат Оралғазиннің шығармашылығына толағай табыс тілеп, керемет кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!