Главная Новости «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»
30 март, 2018                  318608
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіне арналған жиын-кездесу ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Т. Жұмағұловтың қатысуымен 2018 жылдың 30 наурызында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде өтті.

Жиынға университет басшылығы, академқалашық ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен қызметкерлері, оқытушылар, магистранттар мен студенттер, қалалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиын бағдарламасы бойынша ҚазИТУ ректоры Н. М. Темірбеков жиынды кіріспе сөзбен ашты. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Т. Жұмағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» - әлеуметтік маңызды стратегиялық құжат деп атап өтіп, жан-жақты мағлұмат берді.

Б. Жұмағұлов: «Елбасы Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» күмән жоқ орындалып келеді. Бұл әлі үлкен істердің басы деп санаңыздар», деді. Бақытжан Тұрсынұлы Елбасының қашанда жастарға үлкен үміт артатынын айта келіп, инженер, технолог мамандардың еліміздің игілігіне үлкен үлес қосатындарына сенімін білдірді. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу бағдарламасы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің проректоры Сарсенбекова Гульнар Әлібекқызының «ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА – БІРЛІГІ БАР ЕЛДІҢ НАҚТЫ ІСІ» атты тақырыптағы баяндамасымен жалғасын тапты. Г. Сарсенбекова: «Қазақстан халқын біріктіруге, қуатты елге айналдыруға бағытталған ізгі оқиғалардың ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің орны зор. Қазақ даналығы айтады: «Жақсы істі көргенде жетуге асық». Үндеуде әрбір отбасына баспана беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақасын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылған.

Әлеуметтік бағдарлама ҚазИТУ ұжымы алдына да нақты міндеттер қойып отыр. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің осы мақсатта атқаратын іс-шаралар жоспары Ғылыми кеңесте қаралып, бекітілді. Әлеуметтік бастамалар - әрбіріміздің әлеуметтік өмірімізге түбегейлі өзгерістер алып келетін маңызды жұмыстар.

ҚазИТУ Бақылау кеңесінің қолдауымен басталған әлеуметтік жоба – «21 ғасыр студенттер үйінің» құрылысын 2017 жылда-ақ басталуы – осыған бірден-бір дәлел. 200 орындық студенттер үйінің әлеуметтік құрылымы кең және заманауи талаптардың барлығына жауап беретін Алматы мегаполисиндегі бірден-бір әлеуметтік нысан болмақ.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» университет ұжымында насихатталып, түсіндіру жұмыстары кең жүргізілуде. Бір ай көлемінде жүріп жатқан «ҚазИТУ жастарының айлығы» бағдарламасы бойынша 9 шара ұйымдастырылып, 500-ден аса студент қатысты. «Жастардың өзін-өзі басқарудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚазИТУ студенттерінің конференциясы 250 студенттің қатысуымен өтті. «Елбасы жолдауы –жаңа мүмкіндіктер бастауы» ашық алаң жұмысы Алматы қаласы білім басқармасы және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе ұйымдастырылды. Алматы қ. 40-тан астам мектеп басшылары, үгіт-насихат тобының мүшелері мен қатар білім, ғылым, қоғам қайраткерлері, оқытушылар, магистранттар мен студенттер, жалпы 300 адам қатысуымен өтті. Кафедралар барлық 82 эдвайзерлік-кураторлық топтарда арнайы сағаттар өткізді. Елбасы идеясын түсіндіруде ресурстарымызды тиімді жұмылдырудың нақты механизмін қолданып келеміз. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» әлеуметтік маңызы зор стратегиялық құжат ретінде қабылдануда.

2018-2019 оқу жылына қосымша 20 мың грант, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болуы университет ұжымының даму стартегиясына мықты қарқын беріп отыр. Мысалы: 2018 жылы - жаңа 18 мамандық ашу(бакалавриат-4; магистратура-7; докторантура-7) жұмысы қолға алынды.

Өз ісін ашуға мүмкіндікті кеңейткен Президенттің төртінші бастамасы бойынша ҚазИТУдың коммерцияландыру орталығының маңызы зор болмақ. Университетімізде құрылған инженерлік технологиялар офисі жұмысы – студенттердің өз жобаларын тәжірибеден өткізіп, коммерциялық қызығушылық туғызатын инновациялық жұмыстарға серпін береді деп күтілуде. Аталмыш офис жұмысына Қазақстан ұлттық инженерлік академиясы үлкен қолдау көрсетіп отыр», деді.