Главная Новости ҚазИТУ студенттері қалалық іс-шарада өнер көрсетті.
05 апрель, 2018                  321001
ҚазИТУ студенттері қалалық іс-шарада өнер көрсетті.
Студенттер ордасына айналған алып шаһар – Алматы қаласының 38 жоғарғы оқу орындарының басын біріктірген қоғамдық ұйымының бастамасымен «Baursak Party» қалалық іс-шарасы өтті. Мақсат: қала студенттеріне ыстық бауырсақтан дәм татқызып,өз өнерлерін көрсету арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, жағымды ахуал қалыптастыру.

Университетіміздің Жастар ұйымдары комитетінің белсенділері мен өнерлі студенттері де бұл шарадан шет қалмады. Аталмыш шарада университет белсенділері Сүлейменова Аида, Сұран Айым әсем әндерін шырқаса, бишілер тобы биден шашу шашып, Шұбай Сұлтанбарыс, Егінбаева Айзада, Абуов Рахат, Каракулова Жанат, Құрманғали Индира т.б студенттер композициялық қойылымның басты кейіпкерлері болды. Көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлай білген студенттер ыстық бауырсақтан дәм татып, жақсы көңіл күйде болды.