Главная Новости «Тұлға» жобасы жалғасын табуда.
14 март, 2018                  318692
«Тұлға» жобасы жалғасын табуда.
«Елбасы жолдауы – жаңа мүмкіндіктер бастауы» пікір алмасу ашық алаңының бағдарламасы аясында «Тұлға» жобасы жалғасын тапты. 14 наурыз 2018ж колледжімізде «Ахмет Байтұрсыновқа» арналған кеш өткізілді. Кеш қонағы - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-сатирик, сәтбаевтанушы А.Ә.Өмірбеков. Кешке проректор Г.Ә. Сәрсенбекова және колледждің атқарушы директоры М.Х.Шалабаева, кітапхана директоры С.Ж. Бейспаева, Алматы қаласы мектеп басшылары, оқытушылар, ғылыми кітапхана қызметкерлері және колледж студенттері қатысты. Кешті алғы сөзбен проректор Г.Ә.Сәрсенбекова ашты.

Модераторы: «Рухани жаңғыру» офисінің жетекшісі, ҚазИТУ колледжі Жастар ұйымы комитетінің президенті.

Кеш барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тұлға» жобасының алғашқы іс-шарасы бойынша шығарылған «Тағылымы мол тұлға Қ.И.Сәтпаев» атты І жинағы таныстырылды.