Главная Новости «Мамандық үздігі» сайысы аясында жәрмеңке өткізілді
14 март, 2018                  320953
«Мамандық үздігі» сайысы аясында жәрмеңке өткізілді
2018 жылдың 14 наурыз күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжі 1226000 – «Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру» мамандығының студенттері арасында «Мамандық үздігі» сайысы аясында технологтар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңке барысында аталған мамандықтың 1-4 курс студенттері топқа бөлініп, әр топқа бірнеше ұлттың ұлттық тағамдарын даярлап, сол тағамдардың технологиясын, ұсынылуын түсіндіру міндеттелді. Жәрмеңкеде қазақтың ұлттық тағамдарынан бастап, орыс, түрік және жапон халықтарының ұлттық тағамдары қонақтарға ұсынылды.