Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры Қазақстан Халықтарының бірлігі күні
28 апрель, 2018                  321033
Қазақстан Халықтарының бірлігі күні
Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті 1 Мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне арналған «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлы Дала қазынасы» жобасы аясында өткен фестивальге қатысты. ҚазИТУ ұстаздары мен студенттері фестивальдың маңыздылығын терең түсініп, қызу дайындықпен келді. ҚазИТУ ұжымы Қырғыз халқының мәдениетін көрсетті. Әр халық өзінің ата-бабасынан қалған бар жақсыны сақтап, оны ары қарай дамытуға тырысады. Оның ішіне мәдениеті мен әдебиеті, музыка, түрлі қолөнер құпиялары және салт-дәстүрлері, сонымен бірге ұлттық тағамдарының дайындалу тәсілдері де кіреді. Осыған орай ҚазИТУ қырғыз халқының ұлттық тағамдарының ерекшеліктері, өнері, қолөнері, шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырды. Қатысушылар Чон кёжёден дәм татты. Чон кёжё – көне замандардан бері келе жатқан тағам түрі. Халық арасында оны «жаңа жылдық көже», «көктемгі көже», «үлкен көже» деп те атайды екен. Бұл көжені мұсылман күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың құрметіне дайындаған. ҚазИТУ өнерпаздары сахнада қырғыз әндерін орындап, би биледі.

ҚазИТУ ұжымы Фестиваль ұйымдастырушылары атынан жоғары белсенділік танытқандары үшін Алғыс хатқа ие болды.